news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен PetroCouncil-дың жұмыс барысындағы кездесуі

«Қазіргі таңда біз қауымдастықтармен, бизнес және басқа да серіктестермен сенімді әрі адал қарым-қатынас орнатуға бағытталған  жұмыстарды атқарып жатырмыз. Мақсатымыз бір – ол химиялық саланы дамыту, сондықтан одан әрі даму жолын бірге таңдауымыз керек», - деді  «Samruk-Kazyna Ondeu»  ЖШС Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы «PetroCouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестерді дамыту кеңесі Басқармасының төрағасы Асылбек Мұхитұлы Жақиевпен кездесу барысында.

Тараптар шетелдік және ішкі инвесторларды тартатын химиялық жобаларды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Тараптар үшін басым бағыттардың бірі – ҒЗТКЖ жобаларын дамыту, себебі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске сәйкес Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар өндіру үшін шеккен шығындарының 1%-ын ҒЗТКЖ-ға бөлуге міндетті. «Самұрық-Қазына» АҚ базасында портфельдік компаниялар ішінде осындай жобаларды үйлестіру үшін бизнестің ғылыми қауымдастықтарымен өзара іс-әрекетінің бірыңғай терезесі болатын Ғылыми-технологиялық бастамалардың орталығы құрылды.

Тараптар қол қойылған меморандум ақпарат, тәжірибе және сараптамамен алмасуды кеңейтуге ықпал етіп, квазимемлекеттік сектор мен ШОБ арасындағы диалогты жандандыра түседі деген сенімдерін білдірді.

Тізімге оралу