news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен «Қазфосфат» ЖШС-ның жұмыс барысындағы кеңесі

Қазақстанның ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономиканың маңызды салаларының бірі. 2022 жылы Қазақстандағы егіс алқабы 23 млн гектарға жетті, бұл тұрғыда фермерлер қымбат болуына және импортқа тәуелділігіне байланысты тыңайтқыштардың қажетті мөлшерінің төрттен бір бөлігін ғана әкеліп отыр. Сондықтан да отандық минералды тыңайтқыштарды өндіру мәселесі өзекті.

Бүгін «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шерәлі осы мәселелерді «Қазфосфат» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Степанович Стрежнев пен «Қазфосфат» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Ғани Берекетұлы Тоқсанбаев бастаған жұмыс тобымен талқылады.

Тараптар отандық химия өнеркәсібінің дамуына серпін беретін және отандық фермерлерге көмегі тиетін минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша Қазақстан аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін көтерді. ҒЗТКЖ саласындағы жобаларға, сондай-ақ жасыл технологияларды пайдаланатын жобаларға басымдық берілетін болады. Кездесудің қорытындысында тараптар жобаны іске асыру мүмкіндігін жан-жақты пысықтау үшін жұмыс тобын құруға келісті.

Тізімге оралу