news picture

Samruk-Kazyna Ondeu метанол шығаратын Azmeco компаниясымен кеңес өткізді

2022 жылғы 30 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма Төрағасы Мейір Нұртайұлы Шерала бастаған жобалау командасы Azmeco-ның бас акционері Низами Насибұлы Пириев және оның Қазақстандағы өкілі Исмаил Исмиевпен Қазақстан аумағында метанол өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде кездесу өткізді.

Метанол – метил спирті (СН3ОН) – химия өнеркәсібі өндіретін маңызы мен ауқымы бойынша ең маңызды органикалық өнімнің бірі. Сірке қышқылы, метилметакрилат, метиламиндер, формалин, диметил эфирі, формальдегид және т.б. өндіру үшін қолданылады.

BusinesStat-тың бағалауынша 2021 жылы метанол өндіру бойынша әлемдік қуаттылық 160,6 млн тоннаға бағаланады, бұл ретте 2017-2021 жылдары қуаттылықтың өсуі 21,2%-ды құрады. Әлемде метанолды тұтынуды арттыратын негізгі аймақтар – Азия, Таяу Шығыс және ТМД елдері.

Тізімге оралу