news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Қазақстанның химия саласын дамытуға қызығушылық танытушыларды іздеуін жалғастыруда

Біз іскер серіктестермен сенімді қарым-қатынастарды орнықтыру мәселесінде ашықтықты дәріптейміз және ілгерілетеміз.

ҒЗТКЖ-да уран өндіру саласы үшін реагенттерді импортты алмастырудың маңыздылығын және арнайы химиялық өнімдердің отандық өндірістерін дамыту шеңберінде жоғары әлеуетін ескере отырып, стратегиялық маңызы бар «Өндіру кезінде уран алу үшін жаңа ион алмасу шайырын эксперименттік зерттеу» жобасы қаралған ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) отырысы өтті.

Кадрлық өзгерістерге байланысты ҒТК-нің құрамы жаңартылды. Қазіргі кезде ҒТК-нің құрамына Samruk-Kazyna Ondeu компаниялары тобының, оқу, зерттеу, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және шетелдік сарапшылардан 26 адам кіреді.

Химия қауымдастықтарымен диалог құруды жалғастыра отырып, Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералының басшылығымен «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның жұмыс тобының «Қазхимия» химия өнеркәсібі кәсіпорындары қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Томирис Арыстановамен кездесуі өтті.

Кездесуде химиялық жобаларды, оның ішінде ҒЗТКЖ-нің жобаларын дамыту мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету үшін өзара іс-қимылдың түрлі форматтары талқыланды

Келесі кездесуде тараптар жобалардың белгілі бір пулын бірлесіп іске асыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Тізімге оралу