news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Қазақстанның химия саласын дамыту мақсатында ниеттестерді іздеуін жалғастырады

Біз іскер серіктестермен сенімді қарым-қатынас орнату мәселесінде ашықтықты қолдаймыз және дамытамыз.

Соңғы екі аптада «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералының басшылығымен жұмыс тобы бірқатар кездесулер өткізіп, олардың қорытындысы бойынша химия секторындағы екі жақты серіктестікті одан әрі кеңейту үшін өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Қазақстан буып-түюшілер қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Батырбек Теміртасұлы Әубәкіровпен кездесу барысында тараптар салалардағы ағымдағы жағдай бойынша пікір алмасып, әлеуетті өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады.

«Қазақстан Республикасының химиктер одағы» ЗТБ Вице-президенті Тахмина Утагалиевна Нагумановамен қазіргі уақытта қауымдастықты толғандыратын химия өнеркәсібінің мәселелері талқыланды. Тахмина Утагалиевна айтып өткендей: «Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шаралары ШОБ сегментінде химия өнеркәсібін дамытудың драйверіне айналатын елдің базалық химиясын дамытуға мүмкіндік бермейді. SK Ondeu-дің қолдауы қажет болатын ірі инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың айрықша шарттары қажет». Өз кезегінде SK Ondey Басқарма төрағасы атап өткендей химия өнеркәсібін дамыту үшін социуммен және қауымдастықтармен кері байланыс, ақпараттық қолжетімділік пен ашықтық маңызды буын болып табылады.

«Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы» ЗТБ Президиум төрағасы Рашид Жақсылықовпен кездесуде мұнай-газ химиясы және бейорганикалық химия саласында инвесторларды тарта отырып, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Тізімге оралу