news picture

«SSAP» ЖШС-ның ұжымымен коммуникациялық кездесу

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралардың жоспарын іске асыру аясында ү.ж. 16 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС басшылығымен және жауапты жұмыскерлерімен әлеуметтік әл-ауқат мәселелері, «SSAP» ЖШС-ның ұжымдық шартының талаптары, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниялары арасындағы спартакиада финалына, сондай-ақ жыл сайынғы «Үздік маман» кәсіби конкурсына қатысу мәселелері қарастырылған кезекті коммуникациялық кездесуі өтті.

Сонымен қатар жұмыскерлер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023 жылды әлеуметтік әл-ауқат жылы деп жариялап, барлық жұмыскерлерден тиісті іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар күтетіні туралы хабардар болды.   

Тізімге оралу