news picture

Өзімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның алғышқы ҒЗТКЖ жобасы

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС ауыл шаруашылығы үшін күкірттен фунгицидтерді өндіру бойынша алғашқы ҒЗТКЖ жобасын іске қосты.

Қазақстанның Батысында өндірілетін мұнай мен газдың құрамында күкірт қоспаларының көп мөлшері бар. Шикізатты өңдеу кезінде оны кәдеге жарату мәселесі туындайды.

Алматы қаласындағы Kazakh British Technical University базасындағы зертханада кесек күкірттен фунгицидті алу тәсілдерін зерттеуді жүргізеді. Олар өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларымен күресуге және ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.

Ғылыми жобаның нәтижелері Қазақстанда сұранысқа ие ғылымды қажет ететін импортты алмастыратын жаңа буындағы препараттардың өндірісін дамытуға серпін береді. Өнеркәсіптік өндірісті Степногорск қаласындағы «SSAP» ЖШС-ның («Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның еншілес компаниясы) күкірт қышқылы зауытының базасында қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл ресурстарды қалдықсыз пайдалануға және жоғары білікті мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға өз үлесін қосады.

Анықтама үшін:

«SSAP» ЖШС өндірістік қуаты жылына 93% тауарлы күкірт қышқылының 194 мың тоннасын өндіретін күкірт қышқылы зауытын қайта құру жобасының операторы болып табылады. 

Тізімге оралу