news picture

«Биаксплен» ЖШҚ-ның «Полимер Продакшн» ЖШС-ға жұмыс сапары

2022 жылдың тамыз айының соңында СИБУР мұнай-химия тобының еншілес компаниясы «Биаксплен» ЖШҚ делегациясы Атырау облысында орналасқан «Полимер Продакшн» ЖШС-ның полимерлік өнім өндіру зауытына барды.

«Биаксплен» ЖШҚ Ресейдегі биаксиалды-бағытталған пленкалардың (ББПП) жетекші өндірушісі болғандықтан, кездесудің негізгі тақырыптары кәсіпорындардың технологиялық тәжірибесімен алмасу, сертификаттау тәсілдерін, әдіснаманы, процестерді ұйымдастыруды талқылау және одан әрі ынтымақтастық салаларын іздестіру болды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар іскерлік ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында «Полимер Продкшн» ЖШС-ның «Биаксплен» ЖШҚ зауыттарына да баруды келісті.

Анықтама:

«Полимер Продакшн» ЖШС өндірісі 2015 жылы іске қосылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15,5 млн дана полимерлі ыдыс (қаптар) және 9,3 мың тонна полипропилен (ББПП) пленкасы өндірілді. Өндірілетін өнім Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және т.б. тауар өндірушілеріне жеткізіледі.

Тізімге оралу