news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС. Біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз!

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның іске асырылып жатқан құндылықтарының бірі - Integrity (ашықтық, адалдық, айқындық) аясында біз отандық және шетелдік инвесторлармен, кәсіпкерлермен сындарлы және адал диалог құруға дайын екенімізді және Қазақстанның химия саласын дамыту игілігі үшін бірлескен жобаларды дайындау нұсқаларын қарастыруға әзір екенімізді жеткіземіз» - деді «SK Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы.

Өткен аптада Қазақстан аумағында бірлескен химиялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша әлеуетті серіктестермен кездесулер өтті.  

29 жылдан астам әлемдік жетекші химиялық компания болып саналатын және мұнай-химия, функционалдық химикаттар, тау-кен өндірісі, өнеркәсіптік шешімдер және ауыл шаруашылығына арналған шешімдер сегменттері бойынша жобаларды іске асыратын Орталық Азиядағы BASF компаниясының басшыларымен келіссөздер жүргізілді. BASF өкілдеріне «SK Ondeu» ЖШС-ның перспективалық жобалары таныстырылды және өзге де химиялық жобаларды іске асыру нұсқалары қаралды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықта іскерлік қарым-қатынас форматын жалғастыруға және ағымдағы жылдың қыркүйегінде қайта кездесуге келісті.

Түркияның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі - Alarko Contracting Group өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, онда ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Alarko Contracting Group-тың 65 жылдан астам тарихы, 6 түрлі қызмет саласы және халықаралық шетелдік серіктестікті қоса алғанда, 26 кәсіпорны бар.

Сондай-ақ «Zhaik Petroleum LTD» ЖШС, Compass Service-тің және т.б. өкілдерімен бірлескен химиялық өндірістерді дамыту жөнінде кездесулер өтті.   

Тізімге оралу