news picture

2022 жылғы 18 тамызда Samruk-Kazyna Ondeu Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы «ХИМ-плюс» ЖШС-ның гербицидтер өндіру зауытына жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Мейір Нұртайұлы «ХИМ-плюс» ЖШС-ның өндірістік қызметімен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралап көрді. 2022 жылдың 1-жартыжылдығындағы қызметтің қорытындылары бойынша есепті тыңдады. Сонымен қатар SK Ondeu Басқарма төрағасына ағымдағы жылдың соңына дейін зауыттың өндірістік жоспарлары ұсынылды.

Мейір Нұртайұлы зауыт басшылығына 2022 жылдың соңына дейін глифосат негізінде гербицидтер өндірісінің көлемін түзетілген өндірістік жоспардан 50%-ға арттыруды және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Басқарма төрағасы «Тараз Химпарк» АЭА-ның нысандарын аралап, АЭА-ның қызметі мен ағымдағы даму ахуалымен танысты. Өндірістің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «ХИМ-плюс» ЖШС Мейір Нұртайұлы «Тараз Химпарк» АЭА БК» АҚ-ның басшылығына бір ай мерзімде өртке қарсы қауіпсіздік қызметтерін көрсету бойынша шарт жасасуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«ХИМ-плюс» ЖШС-ның Қазақстан нарығына арналған өсімдіктерді қорғау және құралдар (гербицидтер) өндіру зауыты Жамбыл облысының Шу ауданындағы «ХимпаркТараз» АЭА-ның аумағында орналасқан, ол SK Ondeu-дің еншілес компаниясы. Глифосат негізіндегі сұйық гербицидтердің өндірістік қуаты жылына 2,9 млн литрге дейін, глифосат негізіндегі түйіршіктелген гербицидтердің өндірістік қуаты жылына 1000 тоннаға дейін жетеді. Зауыт 2019 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді.

Тізімге оралу