top bg pages

Жаңалықтар

news picture

Мейір Нұртайұлы Шералы «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

2022 жылғы 1 тамызда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқармасының төрағасы лауазымына Мейір Нұртайұлы Шералы тағайындалды.

Мейір Нұртайұлы 1988 жылы 20 тамызда туған. 2010 жылы Манчестер университетінде (Ұлыбритания) «Мұнай және газ инженері» бакалавр дәрежесін алды. 2012 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.

2019 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервисті.

Мейір Нұртайұлы өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінде, «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да бастады. 2011 жылы Мейір Нұртайұлының Baker Hughes компаниясындағы мансабы басталды, онда ол бұрғылау жөніндегі далалық инженерден бастап Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің директорына дейін 14 лауазымды атқарды. Baker Hughes компаниясында жұмыс істеген уақытта Қазақстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан және т.б. елдерде ірі жобаларды іске асырды. Инженерия/дизайн, техникалық қолдау, МТҚ, өндірістік-жөндеу цехында, бизнесті сату мен дамытуда, бірлескен кәсіпорындар құру мен активтерді басқаруда басқарушылық тәжірибесі мол. Соңғы атқарған лауазымдары – «Baker Hughes ZMS» БК ЖШС бас директоры, «Baker Hughes Kazakhstan» ЖШС бас директоры, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің, «Мұнайсервис қызметтері» компаниясының директоры.



Тізімге оралу