top bg pages

Хабарландыру

Коронавирус инфекциясының алдын алу

Қытайда коронавирус инфекциясы (2019-nCoV) жағдайларының тіркелуіне байланысты инфекцияның төмендегідей тән белгілері туралы хабарлаймыз:

  • Бас ауруы
  • Тұмау
  • Кеудедегі ауырсыну
  • Безгек
  • Жеделдетілген жүрек соғуы
  • Жиіленген дем алыс

Алдын алу мақсатында ДДСҰ-ның қарапайым ұсынымдарын қолдануларңызды өтінеміз:

  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде «респираторлық этикетті» сақтаңыз. Қажет болса, бетперде тағып алыңыз. Жөтелу және түшкіру кезінде пайдаланылатын бір реттік майлықтарды лақтырып тастау керек – пайдаланылған майлықтарды қалтаңызда немесе қасыңызда сақтамаңыз.
  • Қолыңызды жуыңыз. Егер сабын мен су қол жетімді болмаса, қолдарға арналған құрамында спирті бар зарарсыздандырғыш құралдарды немесе басқа да антисептиктерді қолданыңыз.
  • Қолдарыңызды көздеріңізге, мұрныңызға немесе аузыңызға тигізбеңіз.
  • Тағамға шикі немесе жеткілікті пісірілмеген жануарлар текті өнімдерді тұтынудан қашқақтаңыз.
  • Жөтел және түшкіру сияқты, тыныс алу ауруының белгілері байқалатын кез келген адаммен жақын қарым-қатынастан аулақ болыңыз.

2019-nCoV туралы толығырақ ақпаратты ДДСҰ-ның мына бетінде табуға болады:

https://www.who.int/ru/news‐room/fact‐sheets/detail/middle‐east‐respiratory‐syndrome‐coronavirus‐(mers‐cov)

Мүмкіндігінше, коронавируспен аурушаңдық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай белгіленетін елдерге (қазіргі уақытта Қытайға) сапарлар жасаудан тартыну ұсынылады.

Симптомдар пайда болған кезде 103 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Тәулік бойғы call-орталық 1406, +7 7172 76 80 43

Тізімге оралу