top bg pages

HR бастамалары

Іске асырылған HR бастамалар

  • БХК мен бірқатар ЕТҰ-дағы барлық лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді;
  • ЕТҰ-да (“SSAP” ЖШС, “Полимер Продакшн” ЖШС) қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына (Job Matching) сәйкестігін бағалау жүргізілді;
  • жоғары кәсіби шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде қазақстандық қызметкерлерге білім мен тәжірибені міндетті түрде беру бойынша рәсімдер енгізілді. Серіктестікте және ЕТҰ-да тартылған шетелдік қызметкерлер үшін қазақстандық қызметкерлерге білім мен тәжірибе беру бойынша ҚНК белгіленетін болады;
  • жобаларды басқару бойынша түрлі бағдарламалар бойынша сертификатталған қызметкерлердің мүмкіндіктері ұлғайтылды;
  • жоғары және орта буын басшылары бөлігін оқыту бағдарламаларына көшбасшылықты дамытудың міндетті бағдарламасы енгізілген;
  • Кадрлық аудитті тұрақты жүргізу арқылы қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған үдерістерін бақылау жүзеге асырылады;
  • сыртқы нарықпен бәсекеге қабілеттілікті ескере отырып, БХК әкімшілік қызметкерлеріне сыйақы берудің ағымдағы саясаты мен тәжірибесіне талдау жүргізілді;
  • Компания құрылымында Д.Ульрихтың классикалық моделіне сәйкес HR бизнес-серіктестер енгізілген. БХК және БХК компаниялары тобының контекстіндегі HR бизнес-серіктестерінің рөлі туралы ақпарат төменде презентацияда ұсынылған.
Атап айтқанда, 2018 жылы HR бизнес-серіктестер қызметкерлердің өздерін және олардың желілік менеджерлерін тарта отырып, құрылымдық бөлімшенің стратегиялық мақсаттары мен функционалдық мақсаттарын жеке қызметкерлер деңгейіне дейін каскадтау, сондай-ақ оқыту мен дамытудың тиімді бағыттарын таңдау үшін мақсаттарды дұрыс қою бөлігінде қызметкерлерге кеңес бере бастады.
  • ЕТҰ-да еңбекақы төлеу жүйесіне жүргізілген талдауға сәйкес “Полимер Продакшн” ЖШС Атырау облысы бойынша орташа айлық жалақыдан төмен ақы төленетін қызметкерлердің орташа жалақысы тіркелген (ресми статистикалық деректер бойынша). Төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша қабылданған шаралар – компанияда 9 төмен ақы төленетін қызметкер бар, 01.12.2018 жылдан бастап осы қызметкерлердің жалақысы 10 % көтерілді;
  • 19.03.2019 жылы БХК “Жас Өркен” бағдарламасының түлектерімен кездесуге қатысты. 12.04.2019 “Жас Өркен 2017” бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті (“ТаразХимПарк” АҚ, ИТ блок БХК өкілдерінің қатысуымен). БХК ЕТҰ-да 2018 жылдан бастап Жас Өркен бағдарламасының жас мамандары экономика және қаржы, химиялық технологиялар саласындағы әртүрлі мамандандырулар бойынша ротациялаудан өтуде;
  • ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап “БХК” ЖШС және оның ЕТҰ Samryk-Qyzmet Қорының (рекрутменттің онлайн-платформасы) жобасын іске асыруға белсенді қатысты және бос жұмыс орындары және әкімшілік лауазымдар бойынша өткізілетін конкурстар туралы ақпаратпен толтырумен айналыса бастады. Бүгінгі күні серіктестіктің барлық ЕТҰ-ы Samryk-Qyzmet-те бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен тіркеліп, өз бөлімдерін толтырды.