Бүгін біздің Компанияда Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай «Кітап пен ойыншықтармен алмасу» акциясы өтті. Акция барысында балалар ата-аналарымен бірге өздерінің оқып бітірген немесе жас ерекшелігіне қарай қажет болмай қалған кітап мен ойыншықтарды өзара айырбастасты, тіпті кейбірі сыйға тарту етті
1 маусымның таңертеңгілігінде Компания қызметкерлері әкелген барлық кітаптар мен ойыншықтар арнайы дайындалған көрме-сөреге қойылып, қызметкерлер белгіленген алмасу сағатында өздерін қызықтырған кітап пен ойыншықтарды айырбастап алды. Карантиндік шектеулерге байланысты балалар қатыса алмайтындығын ескере отырып, сыйлықтарды балалармен келісу үдерісі бейне байланыс арқылы өтті немесе ата-аналар өздерінің түйсіктеріне сүйенді.
Акция үлкен қызығушылықпен өтті, ата-аналар «алмасу бұрышынан» риза болып тарқасты, кешке балалар да қуанады деген үміттеміз.
Ата-аналарға ұйымшылдығы үшін және балаларға деген жомарттығы мен ашықтығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.