news picture

 «SSAP» ЖШС Степногорск қаласындағы «Малика» оңалту орталығына барды

Қайырымдылық күні — бұл өзара қамқорлық, қолдау және жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды еске салатын күн. Наурызнама аясында «SK Ondeu» ЖШС еншілес компаниясы – «SSAP» ЖШС өкілдері Степногорск қаласындағы «Малика» оңалту орталығына барды. Орталық тәрбиеленушілеріне күнделікті қажеттіліктерін қолдау мақсатында азық-түлік жиынтықтары табысталды. «Малика» оңалту орталығы қолдауды қажет ететін жандарға қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Сапар барысында компания өкілдері тәрбиеленушілердің жағдайымен танысып, орталық қызметкерлеріне олардың еңбегі мен ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.
Тізімге оралу