SK Ondeu компаниялар тобында референдумға қатысты түсіндіру кездесулері өтті
SK Ondeu компаниялар тобының еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға арналған түсіндіру кездесулері өткізілді. Кейбір еншілес компанияларда кездесулер сараптамалық және ақпараттық-түсіндіру топтарының өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесулер барысында қызметкерлерге жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, өзгерістердің басты бағыттары таныстырылып, референдум өткізу тәртібі мен әрбір азаматтың маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысуының маңызы түсіндірілді. Топ қызметкерлері конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына оң көзқарас білдіріп, олардың елдің одан әрі дамуы, демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.