news picture

SK Ondeu тұлғалары: Камысхан Кармысов және Айбек Ботагараев

Біз SK Ondeu компаниялар тобы кәсіпорындарының тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгін «SK Ondeu тұлғалары» айдарында «KUS» ЖШС жұмысшылары Камысхан Кармысов пен Айбек Ботагараев туралы баяндаймыз. Камысхан еңбек жолын «KUS» ЖШС-де кезекші механик ретінде бастап, бу-газ турбиналық электр станциясы (ПГТЭС) және су дайындау қондырғыларын пайдалануға енгізуге қатысты. Ол «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алып, бүгінде бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь ретінде жұмыс істеп, кәсіпорынның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысына үлес қосуда. Айбек еңбек жолын қазандық жабдықтары бойынша машинист-обходшы ретінде бастап, ПГТЭС іске қосу жұмыстарына қатысты. Қазіргі уақытта ол Қазандық-турбиналық цехтың ауысым бастығы қызметін атқарып, жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Олардың кәсіби қызметі туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.

фото (2).jpg
Тізімге оралу