news picture

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның қысқы спартакиадасының

07.02.2026 «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қысқы спартакиадасының алғашқы күні өтті. Аталған шара портфельдік компаниялардың қызметкерлерін спорт пен салауатты өмір салты төңірегінде біріктірді.
«SK Ondeu» ЖШС Samruk United құрамасының сапында өнер көрсетуде. Хоккей матчтары аясында команда екі ойын өткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Бүгін екінші ойын күні өтеді, оның қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы анықталады.
Сонымен қатар бүгін спартакиада аясында шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Жарысқа SK Ondeu компаниялар тобының қызметкерлері қатысып, өз жас санаттары бойынша қашықтыққа шығады.
Қордың қысқы спартакиадасы корпоративтік спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Тізімге оралу