SSAP ЖШС-де Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы үздік қызметкер» конкурсының қорытындылары шығарылды. Конкурс нәтижелері бойынша келесі қызметкерлер алғыс хаттармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды:
-
Юлия Кинчиряк — зауыт зертханасының инженер-лаборанты;
-
Наталья Удилова — зауыт зертханасының басшысы;
-
Снежана Лаврентович — күкірт қышқылы цехының 5-разрядты химиялық су тазарту аппаратшысы;
-
Оксана Шовкань — зауыт зертханасының 5-разрядты химиялық талдау лаборанты;
-
Сұңғат Сатанов — қауіпсіздік қызметінің басшысы;
-
Сәуле Нұрмышева — персоналды басқару департаментінің директоры.
Аталған конкурс өнеркәсіптік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, еңбекті қорғау мәселелеріне қызметкерлердің қатысу деңгейін арттыруға, сондай-ақ тәуекелдерді уақтылы анықтау мен есепке алу тәжірибелерін енгізуге бағытталған. Бұл ретте Safety SSAP мобильді қосымшасын пайдалану да қарастырылған.
