Дастан Жунусович «SSAP» ЖШС-не 2020 жылғы қазанда келіп, еңбек жолын жылу-су жабдығын қамтамасыз ету және канализация учаскесінің слесарь-жөндеушісі лауазымынан бастады. Алғашқы күндерден-ақ ол жоғары жауапкершілік, бастамашылдық және техникалық сауаттылық танытты. Ыждағаттылығы мен кәсіби дамуға деген ұмтылысының арқасында Дастан Жунусович қысқа мерзім ішінде іргелес бағыттарды меңгеріп, 5-разрядты сорғы қондырғыларының машинисті ретінде жұмысын жалғастырды.
Бүгінде ол сорғы агрегаттарының тұрақты жұмысын, техникалық сұйықтықтардың үздіксіз берілуін және кәсіпорынның инженерлік жүйелерінің сенімді қызметін қамтамасыз етеді. Дастан Жунусович жабдықтың жағдайына, қауіпсіздік талаптарының орындалуына және технологиялық регламенттердің сақталуына мұқият назар аударады, әрбір өндірістік процесте жоғары кәсібилік пен дәлдік көрсетеді.
Әріптестері оның еңбекқорлығын, тәртібін, ұқыптылығын және әрдайым көмек көрсетуге дайын болуын атап өтеді. Басшылық оның тұрақты нәтижелерін және жұмысқа деген жауапты көзқарасын жоғары бағалайды.
Дастан Жунусовичтің еңбегі жылу-су жабдығын қамтамасыз ету және канализация учаскесінің, сондай-ақ сернокислот өндірісінің орнықты жұмысына елеулі үлес қосуда.
