Қатысушылар еліміздің телеком-инфрақұрылымының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз ететін маңызды технологиялық орталықтың жұмысымен танысты.
Birgemiz Expedition — Қор тобының Жастар кеңесінің бастамасы. Бағдарлама жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ портфельдік компаниялар арасындағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған. Ол қатысушыларға көкжиегін кеңейтуге, үздік тәжірибелерді меңгеруге және компанияның тұрақты даму мәдениетіне үлес қосуға мүмкіндік береді.
