«SK Ondeu» ЖШС екі ел басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан–Финляндия бизнес форумына қатысты. Форум аясында SK Ondeu Басқарма төрағасы Данияр Маулетов Wärtsilä Corporation Plc компаниясының энергетика жөніндегі атқарушы вице-президенті Андерс Линдбергпен және EPSE Oу компаниясының бас атқарушы директоры Жоуни Яаскелайненмен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
Құжаттар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында энергия тиімді технологиялық шешімдерді енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ сарқынды суларды тазартудың инновациялық технологияларын ілгерілетуге және экологиялық таза өндіріс әдістерін Қазақстанда жергіліктендіруге бағытталған.
SK Ondeu халықаралық технологиялық әріптестікті нығайта отырып, орнықты өнеркәсіптің дамуына және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға өз үлесін қосуда.
