news picture

SK Ondeu. Фандоматтың жаңа тарихы — маңызы бар үлес!

SK Ondeu экобелсенділерді қолдауды жалғастыруда!
«Самрук-Қазына» АҚ-ның 17 жылдығына және «Таза Қазақстан» қозғалысы аясында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қызметкері Әсемгүл фандоматқа ең көп ыдыс тапсырғаны үшін естелік сыйлыққа ие болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың 22 шілдесінде аяқталған көпшілікке белгілі «Фандомат 2025» байқауынан кейінгі кезеңде тіркелді.

Ешқандай жарыссыз, хабарландырусыз — тек табиғатты қорғауға деген ішкі ұмтылыспен жасалған іс. Мұндай мысалдар шабыттандырады және еске салады: экологиялық жауапкершілік қарапайым әрекеттен басталады.

Фандомат жобасы жалғасуда.
Мүмкін, келесі жаңа тарихтың кейіпкері сіз боларсыз! ♻️✨
Тізімге оралу