news picture

SK Ondeu «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, Астана қаласындағы №72 «Жанарым» балабақшасының аумағына 70 ағаш отырғызды.

Аталған акция SK Ondeu компаниясының қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершілік мәдениетін ілгерілету бағытындағы корпоративтік бастамаларының жалғасы болып табылады. Компания табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық сана-сезімді дамыту және келер ұрпақ үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді.

Тізімге оралу