news picture

Андреев Игорь Борисович, «SSAP» ЖШС релейлік қорғау және автоматика электрмонтері

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз өндірісті тұрақты әрі қауіпсіз ететін адамдарды таныстыруды жалғастырамыз. Андреев Игорь Борисович – еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ бүкіл зауыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін мамандардың бірі. Оның кәсібі жоғары шоғырлануды, жауапкершілікті және жедел шешім қабылдай білуді талап етеді.

Ол күн сайын жабдықтың жұмысын бақылайды, ақауларды дер кезінде анықтап, жояды, жүйелерді істен шығудан қорғайды. Ең болмашы қателіктің өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін, сондықтан Игорь Борисович әрдайым дәлдікке, тәртіпке және ұқыптылыққа сүйенеді.

Әріптестері оны кәсіби біліктілігімен қатар жас мамандарға қолдау көрсетуге, тәжірибесімен бөлісуге және кеңес беруге әрдайым дайын екендігі үшін бағалайды. Көптеген жас мамандар үшін ол нағыз тәлімгер және өз ісіне адалдықтың үлгісі болды.

Дәл осындай адамдардың еңбегі мен ұқыптылығының арқасында «SSAP» ЖШС жұмысы тұрақты әрі қауіпсіз болып қала береді.

«Жұмысшы мамандықтар – өндірістің іргетасы. Кәсіпорынның тұрақты нәтижеге жетуі біздің салауатты әрі жауапты жұмысымызға тікелей байланысты. Қанша жерден заманауи зауыт салып, ең озық жабдық орнатса да, күн сайын осы процестерді іске қосып, қадағалап, қызмет көрсететін адамдар болмаса, ештеңе жұмыс істемейді», – деді Игорь Борисович.


Тізімге оралу