Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз өндіріс пен тұрақтылықтың негізін өз еңбегімен қалыптастырып жүрген адамдар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.
Осындай ісіне адал мамандардың бірі – Текешов Айдос Бауржанович, өндірісте 20 жыл еңбек етіп келе жатқан жан.
Энергетика саласына жас маман болып қадам басқан ол бүгінгі күні жабдықты егжей-тегжейлі білетін сенімді кәсіби маманға айналды. Айдос Бауржанович күн сайын техниканың жай-күйін қадағалап, ақауларды дер кезінде анықтап, жоюға, барлық параметрлер мен қауіпсіздік нормаларының орындалуын бақылауға көңіл бөледі.
Айдос Бауржановичтің дәлдігі мен ұқыптылығының арқасында штаттан тыс жағдайлардың алдын алып, электр энергиясының үздіксіз өндірісі қамтамасыз етіледі. Әріптестері оны кез келген жағдайда сенім артуға болатын жауапты әрі принципшіл маман ретінде бағалайды.
2023 жылы энергетика саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталды.