top bg pages

Жаңалықтар

news picture

«Жеңіс» жобасының волонтерлері ардагерлерге карантин кезінде көмек көрсетуде

Ерекше көңіл жалғыздықта өмір сүретін немесе денсаулығына және өзінің әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаждықты төзетін адамдарға бөлінеді.

 «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының волонтерлері Қазақстанның 35 қаласынан 640 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккеріне көмек көрсетті. Жыл соңына дейін барлығы 1500-ден астам ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін әлеуметтік-тұрмыстық көмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Карантин кезінде еріктілер бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізеді. Жалғыз тұратын немесе денсаулығы және әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте карантин шарттарымен бекітілген байланыссыз жеткізу, қашықтықты сақтау, медициналық маскалар тағу мен қолғаптар кию сынды барлық сақтық шаралар сақталады.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірлесіп жүзеге асырылады. Волонтерлер қатарына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мен белсенді азаматтар кіреді.

Бүгінде жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялар қызметкерлерінен 200 ерікті, соның ішінде «Біріккен химиялық компания» ЖШС қызметкерлері тартылған, олар өз кезегінде ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесуге ниет білдірген еліміздің барлық бей-жай емес азаматтарын қосылуға шақырады.

Айта кетейік, «Жеңіс» жобасының мақсаты – ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Волонтерлер қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектеседі: үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу, ең бастысы – олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу. Жоба жұмысының 5 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 10 000-нан астам волонтерлік рейд жасалды.

Сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен ТМД елдері аумағында 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін теміржол жол жүруін ұсыну бойынша науқан жалғастырылатын болады. Билетті ресімдеу үшін темір жол кассаларына барып, өзімен бірге ҰОС қатысушының немесе мүгедектік туралы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен куәлігі, ал тыл еңбеккерлеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі болуы қажет. Науқанның мүмкіндіктерін карантин режимін аяқталғаннан кейін бірден пайдалануға болады.

Дереккөз: https://www.zakon.kz/

Тізімге оралу