news picture

Асет Сарсенов – «KUS» ЖШС Электрмен жабдықтау цехының жабдықтарын қызмет көрсету және жөндеу электромонтері

Сарсенов Асет Жолдасович 1988 жылғы 24 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. «Электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын электрмонтаждау» мамандығы бойынша арнаулы орта білім алған. Жас кезінен электротехникаға қызығып, білімділік пен жауапкершілікті талап ететін, қоғамға пайда әкелетін мамандықты таңдады.

Асет өзінің еңбек жолын 2007 жылы «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-да бастап, онда 15 жылдан астам уақыт бойы жарықтандыру желілерін қызмет көрсету және жөндеу электромонтері болып еңбек етті. 2023 жылдан бастап «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-де ХВП және ОС жүйелерінің электрмен жабдықтау учаскесінде электромонтер болып жұмыс істейді. Энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі – 18 жыл.

Оның міндетіне жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, жаңа электр желілерін монтаждау, апаттық жағдайларды жою, жоспарлы жөндеулерді жүргізу және басқа да жұмыстар кіреді. Бұл – жоғары біліктілікті, тәртіптілікті және түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдауды талап ететін жұмыс.

Адал еңбегі үшін Асет «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің Алғыс хатымен, сондай-ақ Атырау облысы Энергетика кешенінің Құрмет грамотасы мен медалімен марапатталған.

Сарсенов А.Ж.-ның еңбек жолы – жұмысшы мамандықтарының өңір дамуының негізі әрі құрмет пен мойындауға лайық екендігінің айқын дәлелі. Өйткені кез келген ірі компанияның жетістігінің артында өз ісінің шеберлерінің маңдай тер еңбегі жатыр.

Тізімге оралу