SK Ondeu-дің еншілес ұйымы – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не жұмыс сапарымен Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының Бас директоры Елдос Өмірзақов келді. Оны SK Ondeu ЖШС басшылығының өкілдері қарсы алды.
Сапар барысында делегация KUS инфрақұрылымымен танысып, қызметкерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көріп шықты, еңбек ұжымымен кездесіп, сондай-ақ кәсіпорын басшылығымен әңгіме жүргізді.
Негізгі назар әлеуметтік саясаттың жүйелі түрде іске асырылуына аударылды: қызметкерлерге қолайлы тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтау, медициналық қызметтерге қолжетімділік пен кері байланыс тетіктерінің жұмыс істеуі.
