news picture

SK Ondeu және Solvay Қазақстанда сутегі асқын тотығын өндіру жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

SK Ondeu Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға халықаралық инвестициялар мен озық технологияларды тарту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Осы стратегиялық бағыт аясында SK Ondeu басшылығы Бельгиядағы Жемепп-сюр-Самбр (Jemeppe-sur-Sambre) қаласында орналасқан Solvay концернінің сутегі асқын тотығын өндіретін жетекші химиялық кешендерінің біріне іссапар жасады.

Іссапар қорытындысы бойынша GBU Peroxides президенті Карлос Силвейра (Carlos Silveira) SK Ondeu компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстанда сутегі асқын тотығын өндіру жобасы аясындағы ынтымақтастықты көздейді.
Жобаны іске асыру шетелдік инвестициялар тартуға, озық технологияларды енгізуге және Қазақстанның ішкі нарығын сутегі асқын тотығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сутегі асқын тотығы медицинада, азық-түлік және электроника өнеркәсібінде, су тазарту, экология және түрлі технологиялық үдерістерде кеңінен қолданылады.
Тізімге оралу