news picture

SSAP жұмысшы мамандықтар жылы аясында спорттық турнир өткізді

"Самұрық-Қазына Ондеу" еншілес ұйымы – "SSAP" ЖШС Степногорск қаласындағы "Тарлан" спорт кешенінде қызметкерлер арасында спорттық турнир ұйымдастырды.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Турнир барысында волейбол, футбол, армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру сынды бірнеше спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. SSAP-тың әртүрлі цехтары мен бөлімшелерінен жиналған командалар ұйымшылдық, шыдамдылық және нағыз командалық рух танытты.
Бұл турнир тек физикалық дайындықты сынау ғана емес, сонымен қатар бейресми қарым-қатынас орнатуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және өндірісте салауатты өмір салтын насихаттауға тамаша мүмкіндік болды.
Тізімге оралу