news picture

Ирина Барткевич – күкірт қышқылы цехының балқыту аппаратының операторы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз күн сайын өзінің адал еңбегімен кәсіпорнымыздың дамуына үлес қосып жүрген жандар туралы мақтанышпен баяндай береміз. "SSAP" ЖШС-нің (SK Ondeu еншілес ұйымы) күкірт қышқылы зауытындағы ең күрделі және жауапты учаскелердің бірінде Ирина Алексеевна Барткевич – балқыту аппаратының операторы жұмыс істейді. Ол түйіршіктелген қатты күкіртті сұйық күйге көшіру процесін толық бақылауда ұстап, балқыту технологиясының барлық кезеңін жүргізеді. Ирина Алексеевна химия саласына 20 жылдан астам өмірін арнаған. Ол кәсіпорынның қалыптасу және даму жолындағы түрлі кезеңдеріне куә болып, әр кезеңде өзінің кәсіби үлесін қосты – сенімділікпен, жауапкершілікпен және мамандығына деген шынайы сүйіспеншілікпен. Оны тек кәсібилігі үшін ғана емес, адамгершілік қасиеттері үшін де бағалайды – ізеттілігі, әріптестерге көмектесуге дайын болуы және қолдау көрсете білуі. Онымен жұмыс істеу жеңіл, әрі одан үйренгің келеді. Ирина Алексеевна өз білімін жас мамандармен қуана бөлісіп, ұжымда командалық рухты қалыптастырады. Адал еңбегі мен ісіне деген берілгендігі үшін ол "SSAP" және "SK Ondeu" компанияларының басшылығынан алғыс хаттармен марапатталған – өз ісіне жүрекпен берілген адамның лайықты марапаты.
Тізімге оралу