news picture

SK Ondeu басшылығы СИБУР компаниясының "Нижнекамскнефтехим" кәсіпорнына барды

Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында SK Ondeu Директорлар кеңесінің Төрағасы Иван Коротков, SK Ondeu басшылығы, сондай-ақ еншілес компаниялары KUS және Бутадиеннің бірінші басшылары СИБУР құрамына кіретін ПАО «Нижнекамскнефтехим» кәсіпорнын аралады. Бұл кәсіпорын – СИБУР-дың Еділ кластерінің бөлігі, әлемдегі ең ірі синтетикалық каучук өндіруші және Ресейдегі полимерлер мен органикалық синтез өнімдерін өндірудің негізгі орталықтарының бірі болып табылады. Сапар барысында делегация СИБУР-дың су дайындау және қуаты 495 МВт болатын бу-газ электр станциясын пайдалану саласындағы ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыру тәжірибесімен және заманауи технологияларымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауқымды өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру аясында әріптестікті дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.
Тізімге оралу