news picture

SK Ondeu басшылығы Татарстандағы ТАНЕКО мұнай өңдеу кешеніне барды

⠀ Татарстанға жұмыс сапары аясында SK Ondeu Басқарма төрағасы Данияр Маулетов, Директорлар кеңесінің төрағасы Иван Коротков, сондай-ақ «Татнефть» компаниясының өкілдері мен еншілес ұйымдар – «KUS» және «Бутадиен» компанияларының басшылары Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу кешендерінің бірі – ТАНЕКО-ға (Татарстан Республикасы, Нижнекамск қ.) барды. Бұл кәсіпорын өңір экономикасының дамуы үшін стратегиялық маңызға ие және «Татнефть» компаниялар тобының құрамына кіреді. ⠀ Сапар барысында делегация су дайындау және ағынды суларды тазарту кешенінің жұмысымен танысты. Қатысушылар негізгі технологиялармен, заманауи жабдықтармен және тазарту жүйесінің жұмыс істеу архитектурасымен танысты. Өңдеу тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға әсерді азайту және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жобалары ерекше қызығушылық тудырды. ⠀ Бұл сапар экологиялық инфрақұрылымды дамыту және ғылыми-техникалық әзірлемелер бағытындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік берді.
Тізімге оралу