news picture

SK Ondeu басшылығы Татарстандағы «Алабуга» арнайы экономикалық аймағына барды

⠀ Тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында SK Ondeu Басқарма төрағасы Данияр Маулетов, «Татнефть» компаниясының өкілдері және еншілес компаниялар – «KUS» және «Бутадиен» басшылары Ресейдегі ең ірі арнайы экономикалық аймақтардың бірі – «Алабуга»-ға барды. ⠀ Сапар барысында делегация аймақтың негізгі жобаларымен және өндірістік инфрақұрылымымен танысты, жоғары технологиялық өндірістерге мамандар даярлайтын «Алабуга Политех» оқу орталығын аралады, сондай-ақ индустриялық парктерді дамыту, өндірістік тізбектерді ұйымдастыру және қолайлы инвестициялық орта құру бағытындағы тәжірибемен алмасты. ⠀ ???? «Алабуга» АЭА — Ресейдегі ең ірі және табысты арнайы экономикалық аймақтардың бірі. Татарстан Республикасында орналасқан аймақтың аумағы 3 900 гектардан асады және 60-тан астам резидент компанияны біріктіреді. Олардың қатарында автокөлік өнеркәсібі, химия, машина жасау және энергетика салаларындағы әлемдік жетекші компаниялар бар. «Алабуга» бірегей салықтық және кедендік жеңілдіктерді, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі өндірістерді орналастыруға арналған дамыған инфрақұрылымды ұсынады.
Тізімге оралу