news picture

SK Ondeu Бақылау кеңесінің қатысуымен стратегиялық сессия өткізді

2025 жылғы 23 мамырда Степногорск қаласында SK Ondeu компаниясы Бақылау кеңесінің, Директорлар кеңесінің, қызметкерлер мен SSAP еншілес компаниясының өкілдерінің қатысуымен стратегиялық сессия өткізді.
Сессияның мақсаты – бизнестің ағымдағы жағдайын бірлесіп талдау, стратегиялық басымдықтарды айқындау және SK Ondeu тобының ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге бағытталған шешімдерді әзірлеу болды. Қатысушылар даму бойынша негізгі бағыттарды, соның ішінде жобалар портфелін трансформациялау, ESG қағидаттарын жетілдіру және инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар SSAP күкірт қышқылы зауытының өндірістік алаңдарын аралады.
SK Ondeu Бақылау кеңесінің төрағасы И.Ф. Коротков, сондай-ақ кеңес мүшелері Л.М. Хашиева мен А.А. Зейнуллин қызметкерлердің жоғары деңгейдегі ынтасын, көтерілген мәселелердің өзектілігін және басқару органдары мен ұжым арасындағы тікелей диалогтың маңыздылығын атап өтті.

«Стратегиялық сессия – бұл жай ғана жоспарларды талқылау емес, Бақылау кеңесі, Директорлар кеңесі мен еңбек ұжымы арасындағы ашық диалог алаңы. Осындай кездесулер жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, стратегияны жедел түзетуге және SK Ondeu компаниялар тобында өзара сенім ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді И.Ф. Коротков.
Тізімге оралу