SK Ondeu компаниясындағы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: қауіпсіздік – басты басымдық


SK Ondeu үшін қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – өндірістік және қаржылық көрсеткіштерден жоғары тұратын абсолютті құндылық. Компания нөлдік жарақаттану қағидасын ұстанып, қауіпсіз еңбек мәдениетін үнемі дамытып келеді. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, еншілес ұйымдардың қатысуымен кеңес өткізіліп, онда еңбекті қорғаудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық шешімдер мен бейнеаналитика технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында келесі бастамалардың жүзеге асырылуы бойынша есептер қаралды: ???? «Бала көзімен қауіпсіздік» атты балалар сурет байқауы; ???? Қызметкерлердің балалары үшін өндірістік нысандарда ашық есік күні; ???? Салауатты өмір салты тақырыбындағы сауалнама; ???? Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға арналған кешенді бағдарламаларды әзірлеу; ???? Астанада өткен «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер және цифрлық шешімдер» атты халықаралық көрмеге қатысу. Өмір мен денсаулықты сақтау – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!
Тізімге оралу