news picture

"ХИМ-плюс" ЖШС "Қазақстанның үздік тауары" байқауының жеңімпазы атанды

2025 жылғы 25 сәуірде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Қазақстанның үздік тауары – 2025" Жамбыл облыстық өңірлік көрме-байқауы аясында "ХИМ-плюс" ЖШС "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымында жеңіске жетті.
"ХИМ-плюс" ЖШС қазақстандық аграршылар арасында сұранысқа ие глифосат қышқылының сулы ерітіндісі түріндегі сұйық гербицидтер мен глифосаттың аммоний тұзы түріндегі түйіршікті гербицидтерді өндіруге маманданған. Компания өнімі заманауи сапа стандарттарына сай келеді және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттырып, топырақ құнарлылығын сақтауға ықпал етеді.
Өңірлік кезеңдегі жеңіс – компания өнімдерінің жоғары сапасын және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесін мойындаудың айғағы. Алда – Астана қаласында өтетін республикалық кезең, онда "ХИМ-плюс" ЖШС өз өнімдерін еліміздің үздік өндірушілерімен қатар ұсынатын болады.
Тізімге оралу