Жұмысшы мамандықтары жылы аясында SK Ondeu Назарбаев Университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты.
Бұл іс-шаралар болашақ мамандармен тікелей диалог жүргізу және жастар арасында SK Ondeu компаниялар тобының корпоративтік құндылықтарын ілгерілету үшін маңызды алаңға айналды. Кездесу барысында SK Ondeu және еншілес компаниялардың HR қызметкерлері студенттерге мансаптық мүмкіндіктер, тағылымдамадан өту бағдарламалары және ұйым ішіндегі кәсіби өсу шарттары туралы айтып берді.
SK Ondeu қызметкерлерінің қатысуы мен қызығушылығы жоғары оқу орындары тарапынан жоғары бағаланды: компанияның атына ұйымдастырушылардан ресми алғыс хаттар келіп түсті.
Біз сенімдіміз: дәл осындай кездесулерде болашақтың мықты командалары пайда болады!