Қауіпсіздікті бақылау: SK Оndey әрекет ету шараларын күшейтеді
"SK Ondeu" ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Мәулетов Данияр Нұрланұлы "SK Ondeu" ЖШС-не еншілес кәсіпорындардың ТЖ орын алған жағдайдағы іс әрекеттері және оқиғалар кезінде жедел хабарлауға дайындығын тексерді.
Тексеру барысында "KUS" ЖШС, "SSAP" ЖШС және "ХИМ-плюс" ЖШС-нің бірінші басшылары мен жауапты тұлғалары штаттан тыс оқиғалар кезінде хабарлау тәртібі, өзара іс-қимылдың ағымдағы схемалары және қызметкерлердің әрекет етуге дайындық деңгейі туралы баяндады.
Тексеру қорытындысы бойынша жедел ақпараттандыруға бақылауды күшейту, іс-әрекет схемаларын өзектендіру, жоспардан тыс нұсқамалар жүргізу және ҚР заңнамасының талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.
Тексеру ықтимал оқиғалардың салдарын азайту мақсатында үйлесімді іс-қимылдар мен нақты ақпараттандырудың маңыздылығын растады.