«ХИМ-Плюс» ЖШС жұмыскерлері «Наурызама» онкүндігі аясында ағаш екті
19 наурызда бүкіл Қазақстанда ағаш егу акциясы өтуде. Бұл «Наурызама» мерекелік онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Жалпы акцияға «SK Ondeu» ЖШС еншілес компаниясы – «ХИМ-плюс» ЖШС жұмыскерлері қосылды. Олар кәсіпорын аумағына көшеттер екті.
Ұзақ жылдар бойы Шу қаласының тұрғындары мен жұмыскерлерін қуантатын ағаштың климат жағдайларына төзімді түрлері таңдалды. Акцияға жұмысшылар мен инженерлік-техникалық мамандар да белсенді қатысты.
Кәсіпорын басшылығы бастаманы қолдап, мұндай іс-шаралар корпоративтік рухты нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.