news picture

«SK Ondeu» жұмыскерлері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қысқы cпартакиадасына қатысты

21-23 ақпанда Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында бірінші қысқы cпартакиада өтті. Бұл үлкен іс-шара еліміздің ірі ұлттық компанияларының 400-ден астам қызметкерін жинап, оларды спорттық жетістіктерге, командалық рухқа және салауатты өмір салтына ұмтылуда біріктірді.
Қордың 4 ірі компаниясының арасында хоккей шайқастары өтті. 1-орынды ҚазМұнайГаз, 2-орынды Samruk United және 3-орынды ҚТЖ иеленді.
Спартакиаданың басты іс-шараның бірі шаңғы жарысы болды. «SK Ondeu» компаниясының жұмыскерлері осы жарысқа өздерінің төзімділігі мен спорттық мінездерін көрсете отырып, бар ынталарымен қатысты. Медаль үшін күресте жас спортшылар да, тәжірибелі қатысушылар да жарысты.
Шаңғы жарысы тек жарыс қана емес, нағыз спорт мерекесіне айналды. Қатысушылар өз күштерін сынап, өздерін жеңіп, достық бәсекелестік атмосферасынан ләззат алды.
Ұйымдастырушылар барлық қонақтарға жайлы жағдай жасады: демалу аймағы, жанкүйерлер мен балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары, сондай-ақ тәтті-дәмділер қойылған жылы аймақ дайындалды. Спортшыларды әріптестері, достары мен отбасылары қолдады.
Барлық қатысушыларды жеңіске деген ерік-жігері, табандылығы мен спорттық рухы үшін құттықтаймыз!
Тізімге оралу