news picture

Электр энергиясымен егіз ұғым

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз "SK Ondeu" компаниясының дамуына үлес қосып жүрген өндірістік қызметкерлер туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Тұрақтылық, кәсібилік және адалдық – өз ісінің нағыз шеберлерін ерекшелейтін қасиеттер. "ХИМ-плюс" ЖШС формуляция цехының электрмонтері Кеңес Данегұлов осы салада қырық жылдан астам еңбек етіп, кәсіпорындарды сапалы әрі қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.

Өмірге ұласқан жол
Кеңес Тілеуұлы бала кезінен техникаға қызығушылық танытқан. Оның осы ынтасы өмірлік жолын айқындады. Туыстары оның электр құрылғыларын жөндеуге деген бейімділігін байқап, электромонтер мамандығын таңдауға кеңес берген. Сөйтіп, ол осы кәсіпке түбегейлі бет бұрып, өз өмірін арнады.

Жауапкершілік пен кәсібилік
Кеңес Тілеуұлы "ХИМ-плюс" ЖШС-да алты жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Формуляция цехының электрмонтері ретінде оның міндетіне мыналар кіреді: • Электр жабдықтарын, құрылғылар мен қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету; • Электр жабдықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; • Апаттар мен ақаулардың алдын алу үшін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу; • Электр аппаратурасын күтіп ұстау, электр өлшеуіш құралдары мен есептегіштердің көрсеткіштерін алу.

Оның білімі мен тәжірибесінің арқасында кәсіпорын жабдықтарының тұрақты жұмыс істеуіне сенімді болып, бұл өндірістік үдерістер мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Құрмет пен мойындау
Еңбек жолында Кеңес Тілеуұлы әріптестері арасында үлкен беделге ие болып қана қоймай, көптеген марапаттарға да лайық болды. 2021 жылы Тәуелсіздік күніне орай ол "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, "ХИМ-плюс" ЖШС басшылығы оның еңбегін жыл сайын ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерде алғыс хаттар мен грамоталармен бағалап отырады.

Әріптестері оны кәсібилігі, ізгі ниеті және жас мамандарға тәжірибесімен бөлісуге дайындығы үшін жоғары бағалайды. Мұндай жандар кәсіпорынның нағыз тірегі болып, болашақ буынға білімдерін табыстап келеді.

Отбасы – басты байлық
Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, Кеңес Тілеуұлы әрдайым отбасына уақыт таба білді. Жұбайымен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді, бүгінде жеті немеренің жетістігіне қуанып жүр. Ол өзін нағыз бақытты жан санайды – кәсіби өмірде де, жеке өмірде де жетістікке жеткен адам.

Биыл Кеңес Тілеуұлы зейнет жасына жетеді. Дегенмен, оның кәсіпорын дамуына қосқан үлесі мен жас мамандарды дайындаудағы еңбегі баға жетпес. Оның еңбек жолы – мамандыққа адалдық пен өз ісіне деген адал көзқарастың үлгісі.

Тізімге оралу