news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» қызметкерлерін Республика күніне орай марапаттады

Республика күні қарсаңында «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның бірқатар еңбек сіңірген қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрметті қызметкері» атағына ие болды. Сондай-ақ компания қызметкерлері Республика күніне орай еңбектерін көтермелеу үшін Қордың Басқарма төрағасы мен «SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
«SK Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов әріптестерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
- Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың бірлігін білдіретін ерекше күн. Адамдар – біздің компаниямыздың басты құндылығы мен ресурсы. «Samruk-Kazyna Ondeu» және еншілес компаниялардың қызметкерлері ел экономикасының дамуына үлес қосуда. Сіздердің кәсібилігіңіздердің, табандылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында біз жұмысымызда жақсы нәтижелерге қол жеткізуді жалғастырамыз, – деп атап өтті Данияр Мәулетов.
Жалпы Республика күні қарсаңында «Samruk-Kazyna Ondeu» мен еншілес кәсіпорындардың 20-дан астам қызметкері түрлі марапаттарға ие болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Н.Қ. Жақыповтың құрметті атақтармен «SK Ondeu» ЖШС компаниялар тобының мынадай кандидаттары марапатталды:
- Сағидолла Тұрмағанбетов, «KUS» ЖШС электр станциясының химиялық су тазарту аппаратшысы;
- Максим Пьянков, «SSAP» ЖШС-ның слесарь-жөндеушісі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен:
- Кенбай Тұрманов, «SSAP» ЖШС-ның дайын өнімді жөнелту аппаратшысы;
- Игорь Андреев, «SSAP» ЖШС-ның электромонтері;
- Бекжан Хамеденов, «KUS» ЖШС-ның газ жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі;
- Гүлнар Ахбалиева, «KUS» ЖШС-ның химиялық талдау зертханашысы;
- Нұржан Хайрушев, «KUS» ЖШС-ның инженер-технологы марапатталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хаттарымен:
- Асқат Санжанов, «KUS» ЖШС-ның аралап қараушы машинисі;
- Әнел Зейнолла, «KUS» ЖШС-ның жылыту және желдету инженері;
- Сергей Полухин, «SSAP» ЖШС энергия учаскесінің ауысым бастығы;
- Батырбек Сәрсенбаев, «SSAP» ЖШС-ның 5-разрядты жүк тиеушісі.
- Виктор Орт, «ХИМ-плюс» ЖШС-ның формуляциялау цехының операторы марапатталды.

«SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Д.Н. Мәулетовтың Құрмет грамотасымен:
      - Дәурен Ельгундиев, «KUS» ЖШС жобаларды басқару департаментінің жетекші инженер-электригі;
- Жақсылық Мұңғатов, «KUS» ЖШС ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар бөлімінің жетекші инженері;
- Евгений Петровский, «SK Ondeu» ЖШС корпоративтік, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаментінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға менеджері;
- Бағжан Қасымбекова, «SSAP» ЖШС-ның тұрақты даму жөніндегі менеджері;
- Жанат Мұқышева, «SK Ondeu» ЖШС сатып алу қызметінің аға менеджері;
- Қуат Үстеміров, «ХИМ-плюс» ЖШС БӨАжА жөніндегі слесарі;
- Арайлым Әубәкірова, «ХИМ-плюс» ЖШС-ның зертханашысы;
- Әли Асқаров, «SSAP» ЖШС-ның БӨАжА кезекші слесарі;
- Қуаныш Алин, «SSAP» ЖШС-ның шебер-диспетчері;
- Гүлнар Құдайбергенова, «SSAP» ЖШС-ның тасымалдаушысы марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз және оларға толағай табыс тілейміз!
Тізімге оралу