news picture

SK Ondeu тұлғалары – Айдын Бертілеуов

«SK Ondeu тұлғалары» айдарын жалғастырамыз. Мұнда біз компанияның дамуына үлес қосатын әріптестеріміз туралы айтып береміз.

Айдын Серікұлы Бертілеуов Атырау мұнай өңдеу зауытында 15 жылдан астам жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін биологиялық тазарту құрылыстарының операторы, одан әрі биологиялық тазарту құрылыстарын орнату бастығы болып жұмыс істеді.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС-дағы мансабын 2022 жылы тазарту құрылыстары учаскесінің 1-санатты инженер-технологы болып бастады, одан әрі химиялық су дайындау және тазарту құрылыстары цехының бастығы лауазымына ауыстырылды.

Жұмыс барысында Айдын Серікұлы шоғыр бойынша жас өндірушілерді оқытты. Әріптестері Айдын Серікұлын өз ісінің шебері және мейірімді адам ретінде сипаттайды. «Karabatan Utility Solutions» ЖШС химиялық су дайындау және тазарту құрылыстары цехына қосқан зор үлесі үшін әріптестері арасында үлкен құрметке ие.

Төрт бала тәрбиелеп отыр, екі жоғары білімі бар.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның еншілес құрылымы бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

Тізімге оралу