«SK Ondeu» ЖШС-де салауатты өмір салтын қолдау мақсатында «Никотиннен дәруменге» акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты жұмыскерлерді салауатты әдеттерді таңдауға шабыттандыру болды. Кез келген адам бір қорап темекіні пайдалы жеміске айырбастай алады, бұл салауатты өмір салтына көшудің символына айналды.
- Серіктестік қызметкерлері баршаны өз денсаулығына қамқор болуға шақырады, өйткені ол - біздің басты байлығымыз! Біз салауатты өмір салтын белсенді қолдаймыз және бұл акция басқа компаниялар үшін жақсы үлгі болады деп үміттенеміз, - деп атап өтті акцияны ұйымдастырушы Бағжан Қасымбекова.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында SK Ondeu экологиялық мәдениетті қолдауға арналған бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр.