Астанада «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) ауқымды жалпықалалық сенбілік басталды.
Акцияға елорда тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, еріктілер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.
Ауқымды акцияға «SK Ondeu» ЖШС жұмыскерлері де қосылды. Әріптестеріміз Бухарест саябағының аумағын тазалап, астанадағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етуге белсенді үлес қосты.