news picture

SK Ondeu-де консультативтік комитеттің отырысы өтті

Sаmruk-Kazyna Ondeu-де консультативтік комитеттің бірінші отырысы өтті. «SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов, «SK Ondeu» ЖШС Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Жандос Оразалиев, Бизнесті дамыту департаментінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші химиялық кәсіпорындарының басшылары отандық химия саласында жүзеге асырылуы мүмкін жобалардың мәселелерін талқылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты: ашық пікір алмасу, заманауи шындықты ескеру және химиялық нарықтағы серпінді өзгерістер үшін кеңістікті қамтамасыз ету.

Консультативтік комитетті құрудың міндеті – дамудың негізгі бағыттарын терең және сындарлы талқылау үшін бірегей платформаны құра отырып химия саласының жетекші мамандары мен танымал қайраткерлерін біріктіру

Консультативтік комитеттің функциялары жобалар мен жаңа бизнес-бағыттарды, инфрақұрылымдық жобаларды және инвестициялық дамуды талдауды білдіреді.

  • Комитет жұмысы химия саласын дамыту елеулі синергетикалық әсер әкелетініне және жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенімдіміз, – деп атап өтті «SKDDEU» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов.

Іс-шараның соңында Консультативтік комитеттің отырыстарын тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданды. 

Тізімге оралу