Нариман Сабыров 2016 жылдың 11 наурызынан бастап «Қазатомөнеркәсіп Күкірт қышқылы зауыты» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ға – «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-нің еншілес компаниясына бас энергетик бөлімінің жылу-сумен жабдықтау және кәріз жүйесі учаскесінің шебері ретінде жұмысқа қабылданды.
Учаске шебері лауазымында жұмыс істеген кезде ол өзін бойында белсенді, ынталы және оперативті қызметкердің қатаң қасиеттерін үйлестіретін жауапты және тәртіпті маман ретінде көрсетті. Жұмыс барысында бірнеше рет ауысымға шығып отырды және нормаланбайтын кесте бойынша жұмыс істеді. Қызметтік міндеттерін адал атқарады, алға қойылған жұмыстар көлемін орындап шығады, өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады.
Н.Сабыров №3 күкірт қоймасы ғимаратының өртке қарсы желісін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына бақылау жасады, негізгі өндірісті тоқтатпай екінші ауысымда №3 ғимараттың өртке қарсы желісі бойынша жылу серігінің демонтажы мен монтажын орындады. №40a, №40б ғимаратында 2014 жылдан бері жұмыс істемейтін желдету жүйесін қайта құру мен іске қосуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта жобада қарастырылмаған №5 – №10 ғимараттың периметрі бойымен қышқыл ағызатын желілерге арналған науалардың монтажын жасауда.
«Самұрық-Қазына» корпоративті университетімен Қордың, ӘӨЫКО-ның және «Samruk-Kazynatrust» КҚ-ның қолдауымен жас мамандарға арналған рекреациялық бағдарлама іске қосылған, оның мақсаты өндірістік қызметкерлерді олардың еңбегі мен жетістіктері үшін ынталандыру (Алматы облысындағы «Armandala» профилактикалық орталыққа жас мамандардың шығуы) болып табылды. Сабыров Нариман бұл іс-шараға «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ» БК» ЖШС-нен 2020 жылдың 22 ақпанынан 1 наурызына дейін кезеңде қатысты. Компания басшылығымен «Ай адамы» номинациясында ұсынылды.
Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосады. Достар, дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы
