news picture

«SSAP» ЖШС-да өндірістік персоналға арналған жаңа модульдік ғимараттар орнатылды

«SSAP» ЖШС-да өндірістік персонал үшін отандық өндірістің 2 заманауи модульдік ғимараты орнатылды. Негізгі мақсаты – жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту.

Модульдік ғимараттар жұмыс аймағы, тамақтану бөлмесі, санитарлық тораппен жабдықталған, автономды жылыту, электр қуаты, ыстық және суық су, телефон байланысы, интернет және барлық қажетті жиһаздар бар.

Бұрын күкірт түсіру торабының және дайын өнім учаскесінің жұмыскерлері ылғалдылық, шатырдан үнемі су ағуы, жылыту және желдету жүйесінің нашар жұмыс істеуі, сондай-ақ ғимараттың тозуына байланысты толыққанды демалуға қолайлы жағдайдың болмауы сияқты бірқатар қиындықтарға тап болды.

- Адамдар – біздің басты байлығымыз, оларға деген қамқорлық – біздің басымдығымыз. Қолайлы жағдайлар әрқашан өнімділік пен тиімділікті арттыруға ықпал етеді. Біздің жұмыскерлер өздеріне қамқорлық жасалып отырғанын, олардың мүдделері мен тілектері ескерілетінін сезінуі тиіс, – деп атап өтті «SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов.

«SSAP» ЖШС жұмыскерлер үшін басқа да әлеуметтік-тұрмыстық объектілерді жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Тізімге оралу